3 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында боран болады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында боран болады

3 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында боран болады

3 желтоқсан күні батыс облыстардан басқа республиканың барлық дерлік аумағында тұман түсіп, көк тайғақ болады. Бұрқасын жел тұрып, боран соғады, деп хабарлады «Қазгидромед». 

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 337
Фото - Caravan.kz


Қостанай облысында, желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейіп, көк тайғақ болады. 

Павлодар облысында боран, кей жерлерде көк тайғақ, күндіз 15-20 м/с дейін жел соғады. 

Қарағанды облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі. Көк тайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей аймақтарында 15-23 м/с жел соғады. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көк тайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көк тайғақ болып, күндіз 15-20 м/с дейін жел соғады.

Алматы облысының кей аймақтарда 17-22 м/с дейін, Алакөл ауданында жел 20-25 м/с дейін күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.