Қостанай диқаншылары биыл астықты аз жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай диқаншылары биыл астықты аз жинады

Қостанай диқаншылары биыл астықты аз жинады

Қостанай облысының диқаншылары астық жинау науқанын аяқтады, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылық басқармасының жер өңдеу және озық технологиялар бөлімінің жетекшісі Сәлімжан Исеноманов.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 751
Фото - Caravan.kz


Алдын-ала деректерге қарағанда, облыста 4 млн 518 мың тонна бидай бастырылған. Орташа өнімділік бір гектардан 11,1 центнер, деді ол.
2013 жылы Қостанай облысында 4 млн 14,5 мың гектар жерден 4 млн 596 мың тонна бидай жиналған болатын. Өткен жылы астық жинау науқаны қазан айында аяқталған. Облыс бойынша өнімділік 11,4 центнер болған.
Демек, биыл облыс диқаншылары былтырғыға қарағанда 1,7% аз астық жинаған.
Алдында белгілі болғандай, ауа-райының қолайсыздығынан аймақта астық жинау науқаны созылып кеткен болатын.
"Аймақта аяз басталып кетті, жанар-жағар май қатып қалып жатыр, техника тартпай қалды, астықтың біраз бөлігі қардың астында қалып қойды”, деді ол.