Мәжіліс Еңбек кодексіне еңбек саласындағы жастар құқығын қорғауға бағытталған түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Еңбек кодексіне еңбек саласындағы жастар құқығын қорғауға бағытталған түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс Еңбек кодексіне еңбек саласындағы жастар құқығын қорғауға бағытталған түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

 Мәжіліс бүгін пленарлы отырысында «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 528
Фото - Caravan.kz


Бұл заң жобасы еңбек саласындағы жастар құқығын қорғауға бағытталады, деп Білім және ғылыми министрі Аслан Сәрінжіпов депутаттарға заң жобасын таныстыру кезінде атап көрсетті.
«Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету жөніндегі әлеуметтік проблеманы шешу мақсатында Еңбек кодексіне бірқатар түзетулер енгізіледі. Еңбек келісімшарты белгілі бір мерзімге бекітілуі мүмкін, бірақ жұмысқа жаңа кірген жастармен кемінде екі жылға бекітілген болуы тиіс», — дейді ол.