Талдықорған маңында газ жарылысынан зардап шеккен үй кіреберісі қайта салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорған маңында газ жарылысынан зардап шеккен үй кіреберісі қайта салынбақ

Талдықорған маңында газ жарылысынан зардап шеккен үй кіреберісі қайта салынбақ

Талдықорған шетіндегі Еркін ауылында газ жарылысынан зақымданған үйдің кіреберісін толық бұзып, қайта салу туралы шешім қабылданды.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 361
Фото - Caravan.kz


«Зақымданған үй кіреберісі қайта салынады, ал екінші қабат құрылысын  нығайту жұмыстары жүргізіледі. Барлық жұмыстар екі ай ішінде бітуі тиіс», — деп облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
А.Баталовтың сөзі бүгін Талдықорған әкімдігінің сайтында орналасқан мәліметте берілген.
Қазіргі кезде газ жарылысынан зақымданған үй тұрғындары жергілікті колледждердің бірінің жатақханасына орналастырылған. Оларға үш рет ыстық тамақ берілуде.
Бұрын хабарланғандай, Еркін ауылындағы 12 пәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде 1 желтоқсанға қараған түні газ баллоны жарылды. Жарылыс салдарынан үйдің екінші қабатының шатыры мен темір жабындар құлап түскен. Соның салдарынан жеті адам қайтыс болып, бес адам ауруханаға түскен.