Алматы облысында ұрылар улы зат құйылған бөшкені ұрлап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ұрылар улы зат құйылған бөшкені ұрлап кеткен

Алматы облысында ұрылар улы зат құйылған бөшкені ұрлап кеткен

Алматы облысында екі ауыл тұрғыны төрт бөшкедегі жоғары уытты улы зат – цианид натриді егістікті зиянкестерден өңдейтін нәрсе деп ойлап ұрлап кеткен.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 491
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті мәлімдеді.
ІІД сайтындағы мәліметке сәйкес, Семей қаласының өндірістік кәсіпорын қызметкерлері Сарқант ауданы полициясына 200 кг астам цианид натрий құйылған бөшкелер жоғалғаны туралы арыз түсірген.
Ұрлық жолда Алматыдан Семейге бара жатқан Камаз көлігіндегі контейнерлердің бірінде пломбаны бұзу арқылы жасалған.
Ұрланған улы зат құйылған бөшкелерді полиция қызметкерлері бір жарым сағаттан кейін Алмалы ауылының шетінен тауып алған. Бөшкелер ашылмаған және еш зақымданбаған.
Іздеу барысында ұрлыққа күдікті ретінде екі жергілікті тұрғын ұсталған. Олар бөшкедегі нәрсені соя егістігіне зиянкестерге қарсы себуге пайдаланатын зат деп қателескендерін айтқан.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.