Германияда Lufthansa әуе компаниясының ұшқыштары 4-желтоқсанда кезекті көтеріліс өткізуге бел буып отыр.
Еуропа БАҚ-ның хабарлауынша, наразылық шарасы жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де өтеді. Шара жүк тасымалдайтын рейстер мен алыс қашықтыққа ұшатын рейстерге қатысты болмақ.
Компания ұшқыштары осы аптаның басында екі күндік наразылық шарасын ұйымдастырған болатын. Салдарынан рейстердің жартысына жуығы ұшпай қалды.
Оған Lufthansa компаниясы басшылығының ұшқыштарды зейнетке шығару төңірегіндегі дау түрткі болып отыр.