Қостанай соты бұрынғы полицейлерден жәбірленушіге 300 мың теңге өндіріп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай соты бұрынғы полицейлерден жәбірленушіге 300 мың теңге өндіріп берді

Қостанай соты бұрынғы полицейлерден жәбірленушіге 300 мың теңге өндіріп берді

 Қостанай соты жергілікті тұрғыннан жәбір көрген азаматтың пайдасына облыстық Ішкі істер департаментінен 300 мың теңге өндіріп беру туралы шешім қабылдады.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 299
Фото - Caravan.kz


«Сот азаматтың шағымын жартылай қанағаттандырып, азаптау салдарынан келтірілген моральдық шығынды өтеу үшін Ішкі істер департаментінен 300 мың теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды», — деп хабарлайды сот өкілі.
Департамент өкілінің айтуынша, қаражат жәбірленуні азаптаған экс-полицейлерден өндірілмек.
Бұрын хабарланғандай, Ұзынкөл аудандық ІІБ үш қызметкері ұрлықты мойындату мақсатында жергілікті тұрғынды соққыға жығып, психикалық қысым көрсеткен.
Сот оларды ҚК 2-бөлімі 141-бабы 1-тармағы бойынша айыпты деп таныды.