Алаң иелерінің бірінші болып есеп ашқаны қонақ жанкүйерлерге ұнамаған көрінеді. Сондықтан олар төбелес шығарып, жаппай тәртіпсіздіктің қала орталығына дейін жеткенін жергілікті журналистер хабарлауда. Сонымен қатар, бұрыннан өштесіп келе жатқан қос команданың жақтастары кімнің мықты екенін анықтау үшін алдын ала келісуі мүмкін екендігі де айтылуда. Қайткенде де матч 4:2 есебімен «Кельннің» жеңісімен аяқталды. Ал ойыннан көрі жұдырықтасуды жөн көрген 20 адам полиция бөлімшесіне жеткізілген.