Ан-2 апатынан тірі қалған қыз ауруханадан шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ан-2 апатынан тірі қалған қыз ауруханадан шықты

Ан-2 апатынан тірі қалған қыз ауруханадан шықты

Көрер жарығы боп ұшақ апатынан жалғыз тірі қалған қыз ауруханадан шықты. Бүгін 28 жастағы Әсем Шаяхметова аяғына тұрып, тілеуін тілеген күллі елді қуантты.

  • 11 Наурыз 2015
  • 321
Фото - Caravan.kz

Әсем Шаяхметова:

Жақсы сезініп жатырмын. Енді үйге барамын. Сағындым бәрін.

50 күн ауруханада жатып 9 операциядан өткен Әсем аяғынан тік тұрғанына әлі сене алар емес. Жігерлі қыз арнайы құрылғыға сүйенсе де, өзі жүріп жүр. Екі айдан соң бүгін алғаш рет далаға шығып таза ауа жұтты. Енді жақындары оны Семейге алып кетпек. Әсем емін сол туған жері Семейде жалғастырады. Алайда ай сайын Астанаға келіп тексеріліп тұрады. Қаңтардың 20-да Жамбыл облысында «Қазақмыс» компаниясының қызметкерлері мінген Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапқан. Оның арасынан тек «Балқаштүстіметтің» бас геологы тірі қалған болатын.