Брайтман Халықаралық ғарыш стансасында болатын сегізінші ғарыштық турист болмақ. Оның бірге ұшатын МКС-45/46 экспедициясының экипажында ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсен болады деп жоспарлануда.
«Мен жердегі әртіспен қосылып, дуэтпен ән салғым келеді… Біз қазіргі кезде Ллойд Уэббермен осы бағытта жұмыс жасаудамыз», — деді әнші Лондондағы баспасөз мәслихатында.
Ол әзірленіп жатқан әннің бүге-шігесін айтпады, композитордың әдемі әуен ойлап шығарғанын ғана жеткізді. Әншінің айтуынша, ол ғарышқа аттануға асығулы, ол үшін Ресейдегі Жұлдызды қалашықта 16 сағаттық жаттығудан өтуде. Брайтманның ХҒС-қа ұшуы 1 қыркүйекке жоспарланған, бұл сапар 10 күнге созылады.
«Адамзат Айға алғаш қонғанда мен 9 жаста едім, содан бері ғарыш мені өзіне баурап алды», — деді ол.
Брайтман өзінің әншілік жолында 30 миллионға жуық әндерін сатуға шығарған, ал ғарышқа ұшыруға өз қаржысын жұмсайтынын айтты, алайда келісім-шарт бойынша ғарышқа саяхат қанша қаражатқа түсетіні құпия екенін мәлім етті.