Ғалымдар: Өмірлік мақсаты бар адамдарда жүрек аурулары сирек кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: Өмірлік мақсаты бар адамдарда жүрек аурулары сирек кездеседі

Ғалымдар: Өмірлік мақсаты бар адамдарда жүрек аурулары сирек кездеседі

Ғалымдар өмірлік мақсаты бар адамдар жүрек ауруына аз шалдығады деген қорытындыға келді. Бұл деректер келтірілген баяндама Балтиморда өткен конференцияда оқылды.

  • 11 Наурыз 2015
  • 611
Фото - Caravan.kz


Зерттеуге 137 мың адам қатысқан. Ғалымдар олардың тек денсаулығына ғана емес, сондай-ақ психологиялық жағдайына да мән берген. Анықталғандай, өмірде мақсаты бар, немерелерінің күтіміне жауапты қариялардың басқа замандастарына қарағанда жүрек қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі 23% төмен болған. Бұнымен қоса, осындай өмірлік мақсаты бар адамдардың түрлі жүрек ауруларына шалдығу қаупі 19%-ға аз болады, деп жазады "Газета.Ру".