Лондон көшесінен 400 жыл бұрын өмір сүрген 3 000-ға жуық адамның сүйегі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон көшесінен 400 жыл бұрын өмір сүрген 3 000-ға жуық адамның сүйегі табылды

Лондон көшесінен 400 жыл бұрын өмір сүрген 3 000-ға жуық адамның сүйегі табылды

Ағылшын археологтары Лондон орталығынан 3000-дай адамның сүйегін тапты, деп жазады khabar.kz.

  • 11 Наурыз 2015
  • 322
Фото - Caravan.kz

Олар осыдан 4 ғасыр уақыт бұрын өмір сүрген деген болжам бар. Қаланың қақ ортасындағы қабір Ливерпуль-стрит көшесінде жаңа метро жолы салынып жатқан жерден шыққан.  40 метр тереңдіктен табылған қаңқаларды қазір ғалымдар зерттеу үстінде.

Мамандардың пайымдауынша, бұл оба індетінен қаза тапқандардың денесі болуы әбден мүмкін.  Өйткені XVI-XVII ғасырларда Лондонның әрбір 5 тұрғыны қатерлі дерттен айыға алмай, ажал тырнағына ілінген болатын.