Астанада газ және электр қуатының бағасы арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада газ және электр қуатының бағасы арзандады

Астанада газ және электр қуатының бағасы арзандады

Қазақстанның ішкі нарығында сұйық мұнайлы газды көтерме бағамен сатуды ңшекті мөлшерін азайту нәтижесінде  Астанада газ бағасы арзандады.

  • 11 Наурыз 2015
  • 643
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Астана тұрғындары биыл 7 наурыздан бастап «Астана қаласының орталық газбен қамту» ЖШС-нің газбен қамтамасыз ету қызметі үшін ҚҚС есептегенде мынадай баға бойынша төлейтін болады: есептеу құралы болған жағдайда – бір текше метрі 314,25теңге, бұл бұрынғы бағадан 16,89%-ға кем, есептеу құралы болмаған жағдайда бір айда адам басына 672,61 теңге, бұл алдыңғы бағадан 16,89% төмен", — делінген хабарламада.
"АстанаГазСервис" АҚ-ның  "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ сұйық мұнайлы газын көтерме сату бойынша бағасы 40,83%-ға арзандады.
"Бейбарыс Газ" ЖШС үшін бағаның арзандауы автокөлікке жанармай құюға арналған сұйытылған мұнайлы газды бөлшек сату бағасы ҚҚС есептегенде 43 теңгені құрады, немесе 20,35%-ға төмендеді.
"LPG Дистрибьюшн" ЖШС баллондағы сұйытылған мұнайлы газдың бөлшек сату бағасын ҚҚС есептегенде 100 теңгеге дейін, немесе 17,02%-ға, көлікке жанармай құюға арналған сұйытылған мұнайлы газ бағасын ҚҚС есептегенде 43,19 теңгеге дейін, немесе 18,72% төмендетті.

 "Астанаэнергосбыт" ЖШС 7 наурыздан бастап электр қуатының бағасын арзандатты. Бұл туралы табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Электр қуатына орташа тариф ҚҚС есептегенде 1 кВт үшін 13,80 теңгені құрайды, бұл алдыңғы тарифтен 6 тиынға немесе 0,43%-ға төмен.
Тұрғындар үшін электр қуатының орташа жіберілім бағасының арзандауы орташа алғанда 13 тиын немесе 0,97%-ға, басқа тұтынушылар үшін орташа алғанда 5 тиын, немесе 0,26% құрады.