Семейлік жастар автошеруге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік жастар автошеруге шықты

Семейлік жастар автошеруге шықты

Семейлік жастар қазірден-ақ алдағы сайлауда дауыс беруге қатысуға жұртты үгіттеп жатыр. Олар бүгін сабақты ысырып қойып, көліктерімен автошеру ұйымдастырды.

  • 12 Наурыз 2015
  • 169
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік рәміздер ілінген жеңіл көліктерді тізгіндеген жастар Семейдің орталық көшелерімен жүріп өтті. Шараға жалпы саны 800-ге жуық жас өрен қатысқан. Белсенділер автошеру кезінде қала тұрғындарына арнайы әзірленген көк түсті, ұлттық ою-өрнек бедерленген ленталарды да таратты. Осылайша, жұртты саяси додадан шет қалмауға шақырды.

Мұстафа Қожамсейіт, Қазақстан студенттер альянсының көшбасшысы:

-Өңірде жастардың үлесі 24 пайызды құрайды. Сондықтан жастардың сайлауға қатысуы негізгі көрсеткіш болмақ. Осының арқасында өзіміздің белсенді екенімізді және болашаққа зор үмітпен қарайтынымызды білдіргіміз келеді.