Саяси науқанға қатысты шаруаларды реттеген соң Елбасы бірден облыс әкімдерінің басын қосып, кеңес өткізді. Президент 14 аймақ пен Астана және Алматы қалаларының басшыларын халықтың мұң-тұқтажын тыңдап, етене жұмыс істеуге шақырды. Әсіресе, сайлау кезінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, биылғы жылыту маусымын үзіліссіз аяқтау,тарифті қадағалау міндеттелді. Елбасы назарынан бюджет қаражаттарын басқару мен көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты қамтамасыз ету де тыс қалған жоқ. Өңірлерді әрі қарай дамытуға міндетті әкімдер мемлекет басшысынан нақты тапсырмалар алып тарқасты.