Еліміздің екі облысында жол қозғалысы шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің екі облысында жол қозғалысы шектелді

Еліміздің екі облысында жол қозғалысы шектелді

Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің екі облысында автожолдардың белгілі бөліктері жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі.

  • 12 Наурыз 2015
  • 360
Фото - Caravan.kz

ШҚО-да  (қар, боран, жол көрінбеу) «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожол учаскесінде (105-123 км), «Семей-РФ шекарасы» (0-64 км), «Бородулиха-Жезкент» (28-49 км) автожол учаскелерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында да ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көктайғақ) қозғалыс мына бағыттар бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін жабық:

          — "Рождественка-Киевка-Теміртау" автожолы (51-266 км);


          — "Жезқазған-Петропавл" автожолы (0-240 км);

          — "Карағанды-Аягөз-Бұғаз" автожолы (17-320км);

          — "Қалқаман-Баянаул-Ботақара" автожолы (0 — 93км).