Елбасы «Нұр Отан» съезінде нақты міндеттер мен мақсаттар жүктеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы «Нұр Отан» съезінде нақты міндеттер мен мақсаттар жүктеді

Елбасы «Нұр Отан» съезінде нақты міндеттер мен мақсаттар жүктеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» съезінде нақты міндеттер мен мақсаттар жүктеді. Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезіне қатысушы Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің мұғалімі Элмира Қарабаева осылай дейді.

  • 12 Наурыз 2015
  • 636
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» партиясының съезіне делегат ретінде алғаш рет қатысып отырған ол республикамыздың түпкір-түпкірінен келген азаматтар тарабынан Елбасымыздың елімізде атқарған еңбегі туралы жылы лебіздер айтылған еске салды.

«Съезд барысында ҚР Президенті өз тарабынан алдымызға   нақты мақсаттар мен міндеттер жүктеді, ол менің көңілімен шықты. Біз бұл мақсаттар мен міндеттерді өңіріміздегі шалғай ауылдарға да жеткізіп, тыңғылықты іске асыратын боламыз», — деді мектеп ұстазы.

Жалпы, оның айтуынша,  «Нұр Отан» партиясының кезекті 16-шы съезі жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

«Еліміздің өсіп-өркендеп, қарышты даму жолына түсуі мен үшін зор бақыт. Меніңше, 26 сәуірге белгіленген кезектен тыс президенттік сайлау жоғары деңгейде өтетін болады. Бәріміз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», Тұңғыш Президентімізге дауыс беру арқылы, еліміздің одан ары дамуына даңғыл жол ашамыз деп ойлаймын», — деді Э.Қарабаева.