Өзінің түпкі мақсаты туралы ол бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында айтып берді.
Өзі айтқандай, оның ойы — Мемлекет басшысы болу емес, өзінің әрекеті арқылы Қазақстанның экологиялық ахуалына күллі әлемнің назарын аударту.
«Мен бұл қадамға билік үшін, болмаса ақша үшін барып отырған жоқпын. Мен үшін экология мәселесі бірінші кезекте. Қазақстанның экологиялық ахуалын халыққа жеткізу — менің басты мақсатым», — деді М.Елеусізов.
Айта кетейік, эколог бұған дейін президент сайлауына 2 рет түскен.
