Әлдеқашан жабылған ескі кенішті кезіп, алтын іздегендер шахтаның бекітілген ескі жолын аршып сыртқа шықпақ болған. Сол кезде оларды топырақ басыпты. Мерт болғандардың бірі степногорлық, екіншісі 25 жастағы Өзбекстан азаматы. Жүздеген метр тереңдіктегі алтыны бар қиыршық тасты сыртқа шығару үшін олар бұл жерге топ-тобымен келеді. Жабылған кен орындары күзетілмейді. Жыл басынан бері полицейлер пайда табудың осы түріне дәндеген 630 адамды ұстаған.