Қостанайда жоғалған ұлын таба алмаған ана халықтан көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда жоғалған ұлын таба алмаған ана халықтан көмек сұрады

Қостанайда жоғалған ұлын таба алмаған ана халықтан көмек сұрады

Қостанайда бір оқушы ұшты-күйлі жоғалды. 7-ші сыныпта оқитын Арлан үй тапсырмасын орындау үшін кітапханаға кетіп, сол күйі оралмаған.

  • 13 Наурыз 2015
  • 314
Фото - Caravan.kz

Оның хабарсыз кеткеніне бүгін 10-шы тәулік болды. Ұялы телефоны сөндірулі. Әлеуметтік желілерден де көрінбейді. Өзін қоярға жер таппаған ана кенжесін мектептің айналасынан да, құрдастарының үйінен де іздеген екен. Бірақ, оқушы еш жерден де таптырмады. Жанұшырған Жүсіповтер отбасы қазір қаланың бұрыш-бұрышына Арланның суретін іліп, халықтан оны іздеуге көмек сұрап отыр.


Гүлмайра Жүсіпова, анасы:

-Өзі үйірмеге барып  домбыра шертетін. . Ән айтып жүрген бала. Білмеймін не болғанын?…