Елімізде 18 университет мүлдем жабылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 18 университет мүлдем жабылуы мүмкін

Елімізде 18 университет мүлдем жабылуы мүмкін

-Әзірше, студенттер оқып жатыр. Бірақ, 2 ай ішінде оқу орындары  анықталған олқылықты түземесе, лицензияларын сот арқылы тартып алып, мүлдем жапқызамыз. 

Фото - Caravan.kz

Бас прокуратура жекеменшік оқу орындарының білім беруден бұрын қалтаның қамын күйттеп кеткеніне алаңдап отыр. Мысалы, мына Оралдағы инженерлік-гуманитарлық университет Біріңғай Ұлттық тесттен өтпеген талапкерлерді де ақша үшін оқуға қабылдаған. Дәл осындай былыққа батқан, материалдық базасы сын көтермейтін 20-ға жуық оқу орнының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Олардың арасында Астанадағы «Тұран», Алматыдағы Орталық Азия университеті  мен Шымкенттегі аймақтық әлеуметтік-инновациялық оқу орны бар.


Ләззат Бөлебаева, ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары:

-Әзірше, студенттер оқып жатыр. Бірақ, 2 ай ішінде оқу орындары  анықталған олқылықты түземесе, лицензияларын сот арқылы тартып алып, мүлдем жапқызамыз.