Днепропетровск облысы полициясының хабарлауынша, ол Түркиядан келген рейстің жолаушысы.
«Құжаттарын тексеру барысында оның Қазақстан құқық қорғау орындары тарапынан іздеуде жүргені белгілі болды. Ол бірнеше адаммен бірлесіп Қазақстан азаматына шабуыл жасаған. Содан соң ақшасы мен бағалы заттарын алып кеткен», — делінген хабарламада.
Күдікті қамауға алынды.