Белгілі журналисті өлтірді деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі журналисті өлтірді деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды

Белгілі журналисті өлтірді деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды

Алматы полициясы белгілі журналист Илона Екшембееваның өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады.

  • 13 Наурыз 2015
  • 1087
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады. 

44 жастағы алматылық ер адам Илона Екшембееваның азаматтық некедегі күйеуі болған.

Полицияның айтуынша, олар ішімдік ішкен соң өзара дауласып қалған. Даудың арты жанжалға ұласқан көрінеді. Күдікті еш жерде жұмыс істемейді.
Қазір аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ІІД уақытша оқшаулау камерасына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Күні кеше БАҚ-та 40 жастағы журналист Илона Екшембееваның мүрдесі Алматыдағы үйінен табылғаны туралы ақпарат тараған.Полиция деректеріне сүйенсек, оны пышақтап өлтірген. Журналист «Литер» басылымында, қалалық ІІД баспасөз қызметінде қызмет еткен.