Шебердің айтуынша, ағаш ыдыстың жасалуына ерешке мән беру керек.
«Біріншіден, бұл заттар дымқыл ағаштан жасалады. Оның кебуі бар, станокқа салып ою, одан кейін өрнек салу — бәрін есептегенде бір апта кетеді»,-дейді шебер.
Сапалы ыдысты таңдау үшін оның ағашына мән беру керек. Қайың, еменнен жасалған ағаш ыдыстар ыстық пен суық әсерінен тез сынбайды, ұзаққа шыдайды.