ол сот конфискілеген 800 мыңнан аса тонна мұнайды иемденгендігі үшін мемлекетаралық іздеуге берілген болатын, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
"БҚО криминалды полиция басқармасының қызметкерлері мен Қырғызстан ІІМ қызметкерлері бірлесіп жүргізген шұғыл -іздеу операциясы барысында Бішкекте Б.Қайыржанов ұсталды, ол изоляторға отырғызылды”, делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Оған "Алемтрасойл" ЖШС-нің Шыңғырлау филиалының басқарушысы болған кезінде сот үкіміне орай конфискіленуге тиіс және өзіне заттай айғақтың сақталуын қамтамасыз ету ретінде тапсырылған 810 мың 018 тонна мұнайды иемденді деген айып тағылған.
Ол іздеуге 2014 жылы қыркүйек айында берілген.Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.