Шаруа қожалығының басшысы жылқы ұрлағаны үшін қамауға алынды - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шаруа қожалығының басшысы жылқы ұрлағаны үшін қамауға алынды - БҚО

Шаруа қожалығының басшысы жылқы ұрлағаны үшін қамауға алынды - БҚО

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының №2 соты жылқы ұрлады деген күдікпен жергілікті шаруа қожалығының басшысын тұтқындауға санкция берді.

  • 13 Наурыз 2015
  • 582
Фото - Caravan.kz


Сот шешімі бойынша кәсіпкер екі ай мерзімге қамалды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Іс материалдарына сүйенсек, ол қарамағындағы жұмысшымен бірге бірнеше ай бойы көршілес «Жамбыл» шаруа қожалығының жылқысын барымталап келген.
Жәбірленушіге 5 млн 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді.