ҚР ОСК: 3 адам лингвистикалық емтиханға келмесе, біреуі өтінішін қайтарып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ОСК: 3 адам лингвистикалық емтиханға келмесе, біреуі өтінішін қайтарып алды

ҚР ОСК: 3 адам лингвистикалық емтиханға келмесе, біреуі өтінішін қайтарып алды

3 адам лингвистикалық емтиханға келмесе, біреуі өтінішін кері қайтарып алды. Бұл туралы Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті.

  • 15 Наурыз 2015
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Ел президенті 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарымен сайланады. Сайлау науқанында 10 мыңға тарта сайлау комиссиялары жұмыс істейді. Бұлар: Орталық  сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиялары және учаскелік сайлау комиссиялары», — деді ол.

Оның атап өтуінше, 26 ақпаннан бүгінгі күнге дейін президенттікке кандидаттарды ұсыну жүргізілді. Кандидаттарды  саяси партиялар ұсына алады және азаматтардың өзін-өзі ұсынуға мүмкіндігі бар. Осы сәтке дейін 26 азамат президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Олардың екеуін саяси партиялар ұсынса, 24-і өзін-өзі ұсынып отыр.

«Осы 26 адамның ішінде 10 адамға президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды. Олардың ішінде 2 адам жасы 40-қа толмауына және 8 адам лингвистикалық комиссия сынынан өте алмауына байланысты тіркелмеді. Үш үміткер лингвистикалық комиссияның емтиханына келеді және бір адам өзінің өтінішін қайтып алды.  5 үміткер лингвистикалық комиссиядан, басқа да тексерулерден өтіп, ҚР Конституциясы мен «Сайлау туралы» заңына сәйкес деп танылды. Оларға  қол қою парақтары берілді», — деді Л.Сүлеймен.