Үйінен 2 тоннаға жуық ақша табылған экс-генерал қайтыс болды - ҚХР - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйінен 2 тоннаға жуық ақша табылған экс-генерал қайтыс болды - ҚХР

Үйінен 2 тоннаға жуық ақша табылған экс-генерал қайтыс болды - ҚХР

 Жексенбі күні ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Сюй Цайхоу Бейжіңдегі госпитальдардың бірінде қайтыс болды, деп хабарлады қытайлық БАҚ. 

  • 16 Наурыз 2015
  • 332
Фото - Caravan.kz


2014 жылдың 15 наурызынан бастап, 71 жастағы Сюй Цайхоудың жұмысында оның сыбайлас жемқорлыққа қатыстылығы туралы партия тарапынан тексеру жүргізілген. Сол жылдың маусым айында ҚКП оны партия қатарынан шығарып, ісін әскери прокуратураға тапсырған. Тергеу барысында экс-генерал пара алып келгенін мойындады. 27 қазанда әскери прокуратура істі сотқа тапсырды. Тергеу амалдарының қорытындысына сәйкес, ол өзге адамдарды «жоғарылату» мақсатында ірі көлемде пара алып тұрған. 

«Фэнхуан чжоукань» Гонконг апталығының мәліметіне сүйенсек, Сюй Цайхоудің үйін тінту кезінде полиция тоннаға жуық доллар, еуро, юань тапқан. Сонымен қатар, оның үйіндегі 2 мың шаршы метр жертөледен асыл тастар табылған. Осыншама байлықты алып кету үшін 10-шақты әскери жүк көлігі шақыртылған.