Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев осылай деп мәлімдеді.
«Кандидаттардың арасынан біреуін ғана бөліп айтуға болады, ол бір төбе, қалғандары – бір төбе. Осы тұрғыдан алып қарағанда, тіпті 5 пайыз да дауыс жинай алатын үміткер ұсына алатын күш жоқ екені түсінікті», — деді Д.Әшімбаев «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұқбатында.
Оның айтуынша, Қазақстанда «Нұр Отаннан» басқа партияда электоралды рейтингі жоғары тұлға да, қаржылық және ұйымдастырушылық мүмкіндік те жоқ».
«Сондықтан партиялардың басым көпшілігі қазіргі президентке дауыс беріп, сайлауға мүлдем қатыспауға бел буды. (…) Ал Коммунистік партия өкілінің қатысуы партияның алдағы парламент сайлауы қарсаңында өзін-өзі жарнамалауына мүмкіндік береді», — деді ол.