Алдағы сайлауда Назарбаевпен тең түсетін қарсылас жоқ – саясаттанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы сайлауда Назарбаевпен тең түсетін қарсылас жоқ – саясаттанушы

Алдағы сайлауда Назарбаевпен тең түсетін қарсылас жоқ – саясаттанушы

 Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, алдағы сайлау шын мәнінде қазіргі президентті қайта сайлау болмақ.

  • 16 Наурыз 2015
  • 335
Фото - Caravan.kz


Өйткені, үміткерлер арасында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бәсекелес болатын тұлға жоқ.
«Мемлекет басшысы қтысатын кез-келген сайлау автоматты түрде саяси шиеленістен автоматты түрде арылады. Қанша кандидат болса да маңызы шамалы. Ал, бұл жолы үміткерлер саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Қазақстандағы президент сайлауы қайта сайлау дегенге көбірек ұқсайды», — деді Д.Сәтпаев «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұқбатында.
Оның айтуынша, кандидаттардың арасында қазіргі президентке лайықты бәсекелес бола алатын шынайы саяси тұлға жоқ.
«Саяси тұрғыдан алып қарағанда, олардың арасында салмақты кандидат жоқ. Өздерін президенттіктен үміткер ретінде ұсынғандардың арасында мемлекет басқара алатын адамды көріп отырған жоқпын. Әзірге толған кандидаттар… адам қарасын көбейтетін көрініс қана», — деді Д.Сәтпаев.