Қалада өткен аптадан бері жиһадшылар мен Ирак әскерилері арасында кескілескен ұрыс жүріп жатқанын айта кетейік. Үкімет әскері шаһарды 2 тәуліктен асырмай аламыз дегенімен, әлі бірде бір ауданын қарата алған жоқ. Атыс-шабыс әсіресе Саддам Хусейннің туған ауылы Уджа төңірегіне жүріп жатыр. Мұнда Хусейннің туған-туыстары да жерленген. Тірі кезінде Саддам мұнда аспанмен таласқан мазарлар тұрғызған еді. Содырлар соларды былтыр қарашадан бері қиратуда.