Енді қала билігі коммуналдық қызметтен қалай да көшелерді ретке келтіруді талап етті. Олар сасқандарынан, тас плиталарды төсеп тастаған екен. Сөйтіп, жыртық жолдарды жамау үшін жергілікті бюджеттен 1 тиын да шықпады. Ал жолдарды асфальттау сәуірге жоспарланыпты. Сондықтан, жүргізушілерге ыңғайсыздық келтірсе де, қымбат материалмен өңделген жолдар әлі кемінде бір ай жатады.
Еркебұлан Ақбердиев, Шымкент қаласының тұрғыны:
—Бір жағынан қызық көрінеді. Жолда кетіп бара жатқан кезде асфальттың арасында осындай брусчаткалар төселіп жатқаны енді Шымкентте ғана бар шығар.