Бүгін санитар мамандардың осыған байланысты шұғыл жиын өткізіп, түсініктеме беруіне тура келді. Ақпарға қарағанда, эболаны жұқтырып әкелді деп жұртты дүрліктірген науқас Қостанайға жеткізіліпті. Ол 37 жастағы, біздің елде тұратын Ресей азаматы екен. Жігіт эболаға байланысты карантин жарияланған елдердің бірі – Гвинеяда іссапарда болып қайтқан. Тұмауратқан жолаушыда қауіпті безгек бар деген белгіні арнайы құрал берген. Сөйтіп, бүкіл әуежай аяғынан тік тұрды. Науқаспен бірге келген жолаушылардың бәрі де тексеруден өткен.
Еркін Дүрімбетов, Алматы қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры:
— Ереже бойынша барлығын жүргіздік. Ол ауруды жатқыздық, тексердік. Ешқандай ауру шыққан жоқ. Жібердік. Әр қалада, әр елде осындай шаралар қолданылады. Заң бойынша.