Мәміле нәтижесінде "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры "ForteBank" АҚ акционерлерінің құрамынан толықтай шықты.
Алдында хабарланғандай, "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры "ForteBank" АҚ-да өзіне тиесілі 6,955 млн жай акция мен 1,335 млн артықшылықты акцияны ForteBank-тің ірі акционері, бизнесмен Болат Өтемұратовқа 4,75 млрд теңгеге сатуды жоспарлаған.
2014 жылы желтоқсанда Ұлттық банктің мемлекеттік қаржылық қадағалау комитеті Альянс Банк, Темірбанк және ForteBank-ті ерікті түрде қайта құруға рұқсат еткен болатын.