Коммунист Сыздықов Қазақстан президентінің сайлауында сайлаушылардың кем дегенде 1,36% дауысын жинамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коммунист Сыздықов Қазақстан президентінің сайлауында сайлаушылардың кем дегенде 1,36% дауысын жинамақ

Коммунист Сыздықов Қазақстан президентінің сайлауында сайлаушылардың кем дегенде 1,36% дауысын жинамақ

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы атынан алдағы кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған Тұрғын Сыздықов алдында өткен президенттік сайлауға қатысқан партиядағы әріптесі Жамбыл Ахметбеков жинаған дауыс мөлшерін жинамақ.

  • 17 Наурыз 2015
  • 414
Фото - Caravan.kz


"Өткен жолғы сайлаумен салыстырар болсақ, одан кем дауыс алмауға тиіспіз. Қарқынды күшейте түсу керек, біздің партия үнінің қарапайым халықтың өмірін жақсартуда мәні үлкен екендігіне адамдарды сендіруіміз керек”, деді Т.Сыздықов Астанада сейсенбіде журналистерге.
Т.Сыздықов атап өткендей, ол өзінің партиясының бағдарламасын әр қазақстандық азаматқа жеткізуге тырысатын болады.
Алдында хабарланғандай, сейсенбіде ОСК Т.Сыздықовты президентікке кандидат ретінде тіркеген.
2011 жылы өткен президенттік сайлауда Ж.Ахметбековты қолдап сайлаушылардың 111 924 дауыс берген, бұл 1,36%, эколог Мэлс Елеусізов үшін — 94 452 сайлаушы (1,15%), патриоттар партиясының көшбасы Ғани Қасымовты қолдап — 159 036 сайлаушы (1,94%), елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшін 7 млн 850 мың адам дауыс берген, бұл 95,55%.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 26-сәуір күні өтеді.