Алматы тауларында екі альпинист қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тауларында екі альпинист қаза болды

Алматы тауларында екі альпинист қаза болды

Алматы тауларында екі альпинист қаза болды.

  • 17 Наурыз 2015
  • 574
Фото - Caravan.kz

Олар Кіші Алматы шатқалындағы Октябренок шыңын бағындырмақ болған. Бұл туралы Алматыдағы республикалық жедел құтқару жасағынан хабарлады.

Олардың жоғалып кеткендері туралы әріптестері хабарлаған. Құтқару қызметіндегілер қалалық ТЖД-дан аталған дерек бойынша 17 наурызда түнгі сағат 00:00-де хабарлама түскенін айтты.

Іздеу жұмыстарына алғашында 2 құтқару жасағы, 3 автотехника жұмылдырылған. Кейін 6 адамнан тұратын 2 құтқару жасағы қосылды. Қаза болғандардың мүрдесі түнгі 3:51-де табылып, таңғы сағат 5:45-те Шымбұлаққа жеткізілді.

Алдын ала ақпаратқа сенсек, олардың бірі «051» құтқару қызметінің нұсқаушысы болуы мүмкін. Ал екіншісі туралы ақпарат әзірге жоқ.