Петропавлда сырқат баланың отбасы халықтан көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда сырқат баланың отбасы халықтан көмек сұрады

Петропавлда сырқат баланың отбасы халықтан көмек сұрады

Петропавлда 5 жасар сәбиді емдеуге қомақты қаражат қажет.  Әлихан Таласбай талма ауруына шалдыққан. Қазір оның ата-анасы ұлдарын Германияның клиникасында емдету үшін 72 мың еуро іздеп жатыр.

  • 18 Наурыз 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Бұл – Әлиханға қол ұшын созу үшін ұйымдастырылған «Өмірге деген құштарлық» атты қайырымдылық концерті. Нұрлан Өнербаев, Майра Ілиясова сынды танымал өнерпаздар ауру баланың еміне қажет ақша жинауға көмектесу үшін Петропавлға арнайы барған. Әлихан 3 жасында талма дертіне шалдыққан. Қатарластары сияқты аулада ойнап, алаңсыз балалық шақтың қызығын көре алмай өсіп келеді. Алайда Германия клиникасының мамандары сәбидің құлан-таза жазылып кетуіне кепілдік беріпті. Бірақ бұл емнің құны 72 мың еуро. Бұған дейін де бала ата-анасымен шетелде емделген. Сол жақтың дәрігерлері айтқан әсері күшті қымбат дәрілердің арқасында Әлихан аздап тілге келе бастаған екен. Көмек қолын созғысы келетін жандардың экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарласуына болады.    

Самат Жапаров, Әлихан Таласбайдың әкесі: 

-Басталды деуге болады. Бірінші сөз буыны бар. «Па»  деген буыны бар. Ол бізге өте қуанышты маңызды күн болды. Әлихан «па»  дегенде біз куандық. Қазір Әлихан «ма»  деген буынды айтып жатыр.  

Отбасының телефоны: +7 778 714 0372