Шымкентте қонжық дауы директор мен орынбасарды сотқа жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қонжық дауы директор мен орынбасарды сотқа жеткізді

Шымкентте қонжық дауы директор мен орынбасарды сотқа жеткізді

Шымкент зообағының директоры мен оның бұрынғы орынбасарының арасындағы жанжал сотқа жетті. Бұл дүрдараздыққа зообақта дүниеге келген аюдың қонжықтары түрткі болды.

  • 18 Наурыз 2015
  • 327
Фото - Caravan.kz

Мұхтар Мұхамбетжан, Шымкент зообағы директорының бұрынғы орынбасары:

-Журналистерді  ақшаға жалдап мен директорды құртпақшы екенмін. Негізі, мен ешқандай журналистке ақша төлегенім жоқ. Жалпы мен миллионер емеспін ақша беретіндей. Өзім бар болғаны газет редакторымын, тиражы 3-ақ мың дана.

Басшы мен орынбасар арасындағы жанжал үш ай бұрын басталған. Директор жаңа туған қонжықтарды енесі жеп қойды десе, орынбасары оларды зообақ басшысы сатып жіберді деген еді. Бұл дау бұқаралық ақпарат құралдарына тараған соң зообақтағы екі дөкейдің арасы тіпті суып кеткен болатын. Бүкіл ұжымдық жиналыс жасаған басшы Сейдулла Жұбаев орынбасарын жерден-алып жерге салған. Осыған ашуланған Мұхтар Мұхамбетжан көп ұзамай жұмыстан кетіп, артынша жала жапты деп бастығын сотқа берді. Ал бұрынғы әріптесінің әрекетін орынтаққа талас деп ұққан директор енді экс-орынбасарын масқараламақ.

Сейдулла Жұбаев, Шымкент зообағының директоры:

-Әкімнің туған күніне сол жердегі кісілер мың доллардан жинаймыз депті. Жұбаев айғай-шу шығарып бар жаққа арыз тарата бастапты. Ақымақ емес па бұл егер басы істейтін болса мың доллар сұраса 3 мың доллар апарып бере салмай ма, сөйтіп хан болып жүрмей ма зоопаркте депті. Бұл диктафонға жазылған сөз.