Алматы облысында жалған құжат жасайтын алаяқтар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жалған құжат жасайтын алаяқтар ұсталды

Алматы облысында жалған құжат жасайтын алаяқтар ұсталды

Алматы облысында жалған құжат жасап, түрлі фирмалардың салықтан жалтаруына көмек көрсетіп келген топтың қылмысы әшкере болды. Алаяқтар мемлекетке 500 миллион теңге шығын келтірген.

  • 18 Наурыз 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Олар осы «шаруаны» дөңгелету үшін «Делантра» деп аталатын фирма құрған. Сөйтіп, астыртын әрекетін іске асырып отырыпты. Бірақ осы фирманың екі қызметкері қылмыс үстінде қолға түсті. Олар бұл кезде 10 миллион теңгеге жалған шот-фактура жасауға тапсырыс алып жатыр екен.  Алаяқтарды ұстау үшін арнайы шара ұйымдастыруға да тура келген. Қазір 31 жастағы ер азамат пен 32 жастағы келіншек қамауда отыр. Олардан жауап алынуда. «Делантраның» кеңсесін тінту барысында тағы 8 фирмаға тиесілі мөрлер мен төлем түбіртектері табылған.