Қостандай жоғалған оқушыны іздеуге еріктілер кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостандай жоғалған оқушыны іздеуге еріктілер кірісті

Қостандай жоғалған оқушыны іздеуге еріктілер кірісті

Қостанайда жоғалып кеткен 17 жасар мектеп оқушысын іздеуге еріктілер де атсалысып жатыр. Арлан Жүсіповтің хабар-ошарсыз кеткеніне 2 аптадан артық уақыт өткен.

  • 18 Наурыз 2015
  • 258
Фото - Caravan.kz

Жиырма адам қала көшесінде парақшалар таратып, әлеуметтік желілерде оның баруы мүмкін жерлер туралы ақпарат жинап жатыр. Бірақ бала туралы нақты мәлімет жоқ. Арлан 2 наурызда жоғалған еді. Кітапханаға кеткен ол үйге оралмаған. Туыстарының айтуынша, бұған дейін ескертусіз еш жерге шықпапты. Әрі мектепте де, үйде де оны ешкім ренжітпеген көрінеді.

Анна Костенко, ерікті :

–Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже берген жоқ. Бізде де, полицияда да ешбір мәлімет болмай тұр.