Петропавлда сапасыз салынған үй тұрғындары ақы төлеуден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда сапасыз салынған үй тұрғындары ақы төлеуден бас тартты

Петропавлда сапасыз салынған үй тұрғындары ақы төлеуден бас тартты

Басынан дауы арылмаған баспана! Петропавлда қабырғасы қақырап бара жатқан тоғыз қабатты үйдің тұрғындары пәтердің жалға алу құны мен коммуналдық қызмет ақысын төлеуден бас тартты. Ғимарат 2012 жылы пайдалануға берілген. Оның сол сәттен-ақ іргетасы сөгіле бастағаны жайлы біз өткен хабарларымызда көрсеткен едік. Сол кезде ғана төбе көрсеткен шенеуніктердің кейін біржола қарасы батқан. Ал сапасыз салынған нысан одан бетер бұзыла бастапты.

  • 18 Наурыз 2015
  • 258
Фото - Caravan.kz

Бұл үйдегі 90 отбасы осылайша жандарын шүберекке түйіп отыр.   Жарты миллиард теңгеге жоспарланған ғимараттың 100 миллион теңгесін атқамінерлерден ала алмаған мердігер құрылысқа сапасыз материалдарды пайдалануға мәжбүр болған. Тараптар кінәліні іздеп соттасып жүргенде,  ғимараттың қабырғасы үгітіліп жатыр. Былтыр Қарағандының «Бесобасын» зерттеген мамандар шақыртылып, сараптама да жүргізілген.

-Қарағандылық сарапшылар бұл үй апатты жағдайда тұрған жоқ деген тоқтам жасапты. Алайда мамандар ғимарат қосымша құрылыс  жұмыстарына мұқтаж деген. Нақтырақ айтсақ, іргетас пен қабырғадағы  жарықтарды жамап-жасқап, подьездерге әрлеу жұмыстарын қайта жасау керек екен.  

Содан бері бір жыл өтсе де, шенділер бұл үйге қатысты еш шара қолданбаған. Тұрғындар талай рет әкімдікке барып, шағымды қарша боратқанымен, бәрі нәтижесіз. Жұрт енді жалдамалы баспананың ақысы мен коммуналдық қызмет төлемдерін жасаудан бас тартуда.

Таласбай Мұсабаев, Петропавл  қаласының тұрғыны:

-Не үшін төлеп жатқанын білмейді адамдар. Не үшін, кімге төлеп жатыр? Мен өзім жеке басым үш айға төлеген жоқпын. Не үшін төлеймін мен? Үйімнің іші шұрық-шұрық. Сарапшылар Қарағандыдан келді, істейміз деді,  Аллахуакбар жоқ.

Жалдамалы баспана үшін ақы төлеу тоқтағанда әкімдіктегілер тұрғындармен кездесуге жетіп келді. Халық оған арқалап жүрген базыналарын айтып бас салды.

Виталий Беспалов, «Петропавл қалалық тұрғын үй қызметі» ЖШС басшысы:

-Бізде бұл үйге қатысты атқарылар жұмыстардың сметасы бар, қаржы да қарастырылған. Жаз келісімен ғимараттың шатырынан бастап жертөлесіне дейін жөндейміз. Жылу, су, кәріз жүйелерін де тексереміз.

Осылайша шенеуніктердің уәдесін тағы бір тыңдаған халық нақты шара қолданбайынша, коммуналдық қызмет пен жалдамалы тұрғын үйлерінің ақысын төлемейміз деп тарқасты.