деп хабарлады www.24.kz.
Күндік таралымы 30 мыңнан асатын беделді басылым оқырман қауымына Есік обасынан шыққан ежелгі сақ дәуірінің 4 мыңға жуық асыл бұйымдары мен өзге де құнды жәдігерлері туралы танымды ақпаратымен бөліскен. Мақала авторы Кемал Саллы қорғанда қазба жұмыстарын жүргізген академик Кемел Ақышев бастаған қазақ археологтарының ғылымға қосқан еңбегіне де кеңінен тоқталып, олардың бұл табысын «адамзат тарихы мен түбі бір түркі жұртының теңдессіз олжасы» деп бағалады. Сондай-ақ мақалада күміс тостағанның түбіне салынған көне руна әліпбиі де назардан тыс қалмаған. «Өйткені руна жазбасы түркі халықтарының адамзат өркениетіндегі орнын баршаға айқындап берді», — дейді Кемал Саллы.
«2011 жылы Ыстамбұлда «Алтын адам» ескерткішінің көрмесі өтті. Сонда алғаш рет ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміндегі бұл құнды жәдігерді өз көзіммен көруге мүмкіндік алдым. Кейін оның тарихымен кеңінен танысуға қызығушылығым оянып, ғалымдардың еңбектерін іздей бастадым. Тіпті ол үшін Қазақстанға бірнеше рет барып-қайттым. Жиған-терген дүниемді мақалада жаздым. Ондағы мақсатым — «Алтын адам» жайлы отандастарыма танымды ақпарат беріп, өскелең ұрпақтың тамыры терең тарихымызға қызығушылығын арттыру», — дейді мақала авторы Кемал Саллы.