Ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулерге шығыстар қысқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулерге шығыстар қысқарады

Ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулерге шығыстар қысқарады

Қазақстанда ауыл шаруашылығындағы ғылыми зерттеулерге шығыстар қысқартылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты, Палатаның Аграрлық мәселелер комитеттің мүшесі Роман Ким мәлім етті.

  • 18 Наурыз 2015
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Биыл ауыл шаруашылығында тек қана 3 млрд. теңге қысқартылады, яғни ғылыми зерттеу бағытында ғана қаржыландыру төмендейді. Дегенмен де, 20 млрд. теңге агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға бөлінуде. Бұл тұрғыда мал, құс шаруашылықтарын дамыту, түрлі субсидиялар қамтылып отыр. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешенін сауықтыруға 500 млрд. теңге көлемінде үлкен көмек жасалмақ», — деді депутат.

Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жалғасатынын айта келе, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін 3,2 трлн. теңге бөлу қарастырылғанын еске салып өтті.