ХКБ Бас хатшысы В.Лоссерталес Астанада салынып жатқан ЭКСПО нысандарын аралайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХКБ Бас хатшысы В.Лоссерталес Астанада салынып жатқан ЭКСПО нысандарын аралайды

ХКБ Бас хатшысы В.Лоссерталес Астанада салынып жатқан ЭКСПО нысандарын аралайды

 Бүгін Халықаралық көрмелер бюросы Бас хатшысы Висенте Лоссерталестың Астанаға ресми сапары өтпек. Оның аясында Бас хатшы елордада салынып жатқан ЭКСПО-2017 нысандарын аралайтын болады. В.Лоссерталес мырза көрме кешенін салу барысымен танысып қана қоймай, ұлттық компания өкілдерінің көрмеге дайындық барысы туралы есебін тыңдауды жоспарлайды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 18 Наурыз 2015
  • 273
Фото - Caravan.kz

Сапар аясында бүгін В.Лоссерталестің «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесуді жоспарланған.

Мәртебелі мейманның сапарына орай, ұлттық компания тарапынан да бірқатар таныстырылымдар әзірленіп отыр, оның барысында көрменің тақырыптық павильондарының сипаттамасы, сондай-ақ халықаралық қатысушыларды тарту барысы туралы ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар Бас хатшы ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асыру кезінде өткізілетін бұқаралық іс-шаралар мен маркетинг мәселелерін талқылауға қатысады.

Бұдан бөлек, екі күндік сапары шеңберінде ХКБ басшысының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен және Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездесуі күтіледі.

Сапар қорытындысы бойынша 19 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде ХКБ бас хатшысы В.Лоссерталестің, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев пен ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың қатысуымен брифинг өтетін болады.


2