Қостанай облысында көлік ұрыларын тоқтату үшін полицейлер оқ атқан - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында көлік ұрыларын тоқтату үшін полицейлер оқ атқан

Қостанай облысында көлік ұрыларын тоқтату үшін полицейлер оқ атқан

"Қостанай-Сарыкөл" тас жолында болған оқиғаға байланысты полицейлер оқ атуға мәжбүр болған.

  • 18 Наурыз 2015
  • 292
Фото - Caravan.kz


ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, тәртіп сақшыларының назары Тобыл өзенінің үстінен өтетін көпірге қарай қатты жүріп келе жатқан «ВАЗ-2110» көлігіне ауған. 

Полиция патрулі жүргізушіні тоқтату үшін бірнеше белгі берген, алайда жүргізуші оны елемеген. Полицейлер көліктің соңына түскен. 

Көліктегілер ізін суытпақ болып, бағдаршамды елемей, көшелердің қиылысындағы жолдарда тоқтамай жүре берген. Полицейлер қару қолдануға мәжбүр болды. 

Алдымен олар бірнеше рет көкке оқ атқан. Көлік тоқтамаған соң оның доңғалағын көздеген. Темір тұлпар тоқтап, полицейлер 14-15 жастағы үш жасөспірімді ұстады. 

Олар көлікті танысынан алғанын айтқан. Алайда сәлден соң полицияға көліктің ұрланғаны туралы хабар келіп түскен. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.