деп хабарлайды Волгоград қалалық думасының баспасөз қызметі.
«Павлов үйін қорғаған батырлардың соңғысы, біздің қаламыздың ұлы досы Комалжан Тұрғынлв қайтыс болды. Сталинград шайқасы тарихына қайтпас қайсырлығымен енген азамат арамыздан кетті», — делінген хабарламада.
Өзбекстанда өмір сүрген ардагер қалаға жиі барып тұратын. 9-мамырда Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысуы тиіс болатын.
Сталинград шайқасында 13-гвардиялық дивизия құрамындағы 25 жауынгер Павлов үйі аталатын ғимаратты үш ай бойы қорғаған. Олардың арасында К.Тұрғынов та болатын. Сталинградтан кейін ол Украина мен белоруссияны азат етуге қатысты. Ұлы Жеңісті Магдебургте қарсы алды.
Батырдың артында 14 баласы, 62 немересі мен 85 шөбересі қалды.