Елбасы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін Пәкістанға жеткізу мәселесін қарастыруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін Пәкістанға жеткізу мәселесін қарастыруды ұсынды

Елбасы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін Пәкістанға жеткізу мәселесін қарастыруды ұсынды

Қазақстан мен Пәкістан мемлекетiмен қарым-қатынас жүйелi дамуда. Бүгін Ақордада Қазақстандағы бірқатар елдердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

  • 18 Наурыз 2015
  • 611
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Пәкістанды Оңтүстік Азиядағы маңызды, перспективалы серіктес ретінде қарастырады. Біз бұл елмен арадағы саяси-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз. Қазақстан астық және ауыл шаруашылығы өнімдерін ірі көлемде өндіретін ел. Сондықтан Пәкістанға еліміздегі өнеркәсіп өнімдерін жеткізу мәселесін қарастыруымызға болады», — деді Елбасы,

Сонымен қатар, Президент Қазақстан тарапы Пәкістанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезіне, Астана экономикалық форумына белсенді қатынасуын жоғары бағалайтындығын атап өтті.