Қазақтың ұлттық тағамы қонақтардың бәріне ұнады. Соның ішінде фин легионеріне ерекше әсер қалдырыпты. Қазір командада 4 ойыншы бар. Имек таяқтың орнына қолына оқтау алған спортшылар хош иісті бауырсақ пісіріп, тағамның дәміне тамсана түсті. Наурыз көжені дайындау әдісін үйреткен балалар қонақтарға жеңіс тіледі. Ұлттық тағамды ұнатқан хоккейшілер оны алдағы уақытта жиі тұтынатындарын айтты.
Тему Виртала, «Казцинк-Торпедо» командасының шабуылшысы:
– Шынымды айтсам, мен алғашында қолымнан түк келмейтін шығар деп қорықтым. Бірақ еш қиындығы жоқ екен. Өте көп күш жұмсайтындықтан, қуырдақ бізге таптырмас азық болады. Бұл – нағыз еркектерге арналған тағам.