Париже ең ірі ғимарат өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париже ең ірі ғимарат өртенді

Париже ең ірі ғимарат өртенді

Франция астанасында ең ірі ғимараттардың бірі отқа оранды. Дефанс деген іскерлік ауданында орналасқан нысанды түтін басқанда мыңдаған адам далаға қарай қашқан.

  • 19 Наурыз 2015
  • 305
Фото - Caravan.kz

Бірақ төменде отырған жұмысшылар ғана алып кеңседен дер кезінде шығып үлгерді. Қалған қызметкерлердің ащы түтінді біраз жұтуына тура келді. Көрші кеңселерден түсірілген таспада тұншыққан жұрттың айқай-шуы анық естіледі. Биіктігі 180 метрге жететін бұл ғимаратта өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Сонымен қатар, өлім-жітім туралы ақпарат жоқ.  Алып ғимаратты 2013-ші жылы америкалық компания 2 жарым млрд долларға сатып алған болатын.