Германия тұрғындары Еуропалық банктің ашылуына қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия тұрғындары Еуропалық банктің ашылуына қарсы шықты

Германия тұрғындары Еуропалық банктің ашылуына қарсы шықты

Германиядағы ірі қалалардың бірі небәрі бір сағаттың ішінде нағыз қақтығыс алаңына айналды. Жаппай көтерілген жұрт көшедегі көліктерді өртеп, өздерін тыныштандырмақ болған тәртіп сақшыларын таспен атқылады.

  • 19 Наурыз 2015
  • 293
Фото - Caravan.kz

Майндағы Франкфурт халқы қалада Еуропалық Орталық банк штаб-пәтерінің ашылуына осылайша наразылық білдірді. Жаһандануға үзілді-кесілді қарсы азаматтар аталған банктың саясаты тым қатал деп есептейді. Яғни онда қарапайым тұрғындарға ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. Осындай наразылыққа қарамастан, Орталық Банктің жаңа ғимараты ашылды. Оны салуға 1 миллиард 300 миллион еуро жұмсалған. Жаппай ереуілге шыққан жұртты тыныштандыру үшін полицейлерге көзден жас ағызатын газ шашуға тура келді. Қолға түскен бұзақылар бірден абақтыға жөнелтілді.